23-04-24 |
5930 рет қаралған
Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай жемқорларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды.
Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай жемқорларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембай сыбайлас жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесін еске түсіріп, Қазақстан үшін бір нұсқаны ұсынды.

Кәсіпкер Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың көріністері мен салдары ретінде бұзылған бөгеттер, жолдар, тұрғын үйлер, құбырлар мен жылу электр станциялары күн сайын байқалатынын атап өтті.

«Тіптен, Бишімбаевтың шулы ісінің өзі тек тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру ғана емес, сонымен бірге көп жылдар бойы қылмыскерлерді ақша үшін «ақтап» келген шенеуніктер мен судьялар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты болып тұр. Қазақстан аса бай мемлекет, бірақ сыбайлас жемқорлық біздің бар байлығымызды жеп, өміріміз бен бостандығымызды қатерге тігуде, бізге ешнәрсе бермей, жоғары салық салуда», – деді Сейсембай.

Ол жүйелі жемқорлықтың ектек алуына Назарбаевты айыптап, оны «қатерлі ісік» деп атады.

«Сыбайлас жемқорлықты жою 2030 экономикалық бағдарламасы, «Рухани жаңғыру» және басқа бағдарламаларды іске асырғаннан тиімдірек. Осы қадамның өзі елімізге триллиондаған теңге табыс әкеліп, барлық азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсарта алады», – деді ол.

Сыбайлас жемқорлықты жою үшін жаза қатаң болуы керек, – деді кәсіпкер. Ол әлемдік тәжірибені еске салды – кейбір мұсылман елдерінде ұрылардың қолдары кесіледі, Қытайда немесе Вьетнамда өлім жазасы қолданылады, Еуропа елдерінде өте үлкен айыппұлдар бар. Барлық жерде жазаның бұлтартпастығы бар.

«Өкінішке қарай, бар жүйеде жұмыс істейтін адамдар үшін бұған қол жеткізу қиынырақ. Ол үшін жүйедегі сыбайлас жемқорлықпен уланбаған, мүлде жаңа, ластанбаған адамдарды алуымыз керек. Өйткені олар оның не екенін және қалай жұмыс істейтінін көрмеген және білмейді. Осы құралдарды өмірімізге енгізу үшін, біз, бүкіл қоғам, енді сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейтуді талап етуіміз керек деп есептеймін. «Мен өлім жазасына қарсымын, бірақ өмір бойына бас бостандығынан айыруды қос қолдап қолдаймын», – деп ұсыныс жасады Сейсембай.

Ол қазақстандықтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды талап еткендей, жемқорлық үшін жазаны күшейтуді талап етуге шақырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.