12-09-19 |
420 рет қаралған
Медиа апталықтың ақпарат саласына берері көп.
Медиа апталықтың ақпарат саласына берері көп

Нұр-Сұлтан қаласында кешелі бері дәстүрлі Astana Media Week медиа-апталығы өтіп жатыр. Шара негізінен мемлекеттік БАҚ басшылары, аймақтардағы мемлекеттік БАҚ-тың жетекшілері және алыс-жақын шетелден шақырылған бірлі-жарым сарапшылар қатысып жатқан көрінеді. Апталықта ақпарат саласының әртүрлі мәселелері сөз болып, әркім білгенімен бөлісуде.

Биылғы апталықтың мақсаты -отандық медиаиндустрияның негізгі жетістіктері мен мүмкіндіктерін көрсету.

Үш күнге жалғасатын іс-шараға ірі медиахолдингтер мен телеарналар, жеке продакшн-студиялар, БАҚ саласы өкілдері қатысып жатыр. Оның ішінде «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» Агенттігі» АҚ, «Қазконтент» АҚ, т.б. бар. Шет елден де арнайы спикерлер шақырылған.

Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ашты. Министр Орталық Азияда баламасы жоқ бұл басқосудың отандық медиа саласын дамытуға қосатын үлесі жоғары болатынына сенім білдірді.

Медиа-апталық аясында мастер-кластар мен тренингтер ұйымдастырылып, отандық медиаиндустрияны дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. Атап айтқанда, контент сапасы, жаңа аудиторияны тарту, аймақтық БАҚ жұмысы және халықаралық тәжірибелерге шолу секілді тақырыптар қозғалады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.