15-05-24 |
5510 рет қаралған
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуы қоғамдық бақылауға алынады.
Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуы қоғамдық бақылауға алынады

Мәжіліс жаңа редакциядағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Заң мен оған ілеспе түзетулер Мемлекет басшысының жолдауы және мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді.

Жаңа заңға сәйкес, әсіресе, құрылысқа байланысты жұмыстарға қоғамдық мониторинг институты енгізіледі.

Мемлекеттік сатып алу (goszakup.gov.kz) веб-порталына жұмыстарды орындау кестелерін, шарттардың орындалуы бойынша есептерді (оның ішінде фото және бейне жазба) жалпы қолжетімді етіп жариялау ұсынылады. Мониторинг «Қоғамдық бақылау туралы» заңда көзделген тетіктерге сәйкес жүргізіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.