24-04-21 |
290 рет қаралған
Министр Сапархан Омаров жер сатуды қолдайды.
Министр Сапархан Омаров жер сатуды қолдайды

24 сәуірде жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында ауылшаруалышығы министрі Сапархан Омаров ауылшаруашылығы жерлерін сатуды қолдап сөйледі.

– Өзінің бизнесін тимімді дамытқысы келетін қазақстандықтарға ұзақ мрезімге жалға алумен қатар ауылшаруашылығы жерлерін жекеменшікке сатып алуға рұқсат беру мүмкіндігі болуы керек. Сондықтан ауылшаруалышығы министрлігінің ұстанымы: Жерді пайдалану екі институтын да қазақстандықтар үшін ұзақ мерзімге жалға алуды да сатуды да сақтап қалу қажет. Қазақстандық жер пайдаланушылардың ауылшаруашылық алқаптарына жекеменшік құқығы мен жалға алу құқығының экономикалық немесе шаруашылық тұрғысынан қайсысы қолайлы болса соны өз бетінше таңдай алу құқығы болуы тиіс деп санамыз. Егер біз ашық бәсекелестік пен тиімді кәсіпкерлік құруға ұмтылсақ, ерте ме кеш пе Қазақстанда ауылшаруалышығы жеріне толыққанды жекеменшік және оны сатып алу, сату бойынша еркін нарық пайда болады, – деді министр.

Министрдің сөзінен, ауылшарушылығы министрлігінің ұстанымы – үкіметтің жерге қатысты ұстанымы деуге әбден болады.

Жер сатуды қолдай сөйлегендер жалғыз министр емес. Мәселен, ауылшаруашылығы жерлерін жекенменшікк беру – сатуды жақтап сөйлегендердің ішінде саясаттанушы Рахым Ошақбаев, қойшы Алмасбек Садырбаев және Қызылорда облысының комиссиядағы өкілі болған.

Ал жерді сатуға қарсы тұрғандар: Дос Көшім, Дәурен Қуат, Ақылбек Күрішбаев, Расул Жұмалы және басқа да комиссия мүшелері.

Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жерді сату мен жекенменшікке беруге 5 жыл мораторий жарияланатын болып, комиссия мүшелері осындай тоқтамға келген мәлім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.