Біз
әлеуметтік
желіде
28-05-25 |
500 рет қаралған
Назарбаев Зияткерлік мектебі өз шешімін өзгертпейді. Мектеп директоры мәлімдеме жасады.
Назарбаев Зияткерлік мектебі өз шешімін өзгертпейді. Мектеп директоры мәлімдеме жасады

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Әнуар Жанғозин оқушы мен мұғалім арасында болған келеңсіз жағдайға қатысты түсінік берді.

Ол мектепте орын алған жағдайға байланысты оқушымен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен кездесу өткізгенін, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен қоғамдық кеңестің мүшелері қатысқанын мәлімдеді.

«Кездесу барысында бұған дейін қабылданған шешім қайта қаралып, тараптар өзара түсіністікке келді. Назарбаев Зияткерлік мектебі өз шешімін өзгертпейді, оқушы мектептен шығарылып, мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды. Оқушының ата-анасы тарапынан ешқандай қарсылық жоқ. Назарбаев Зияткерлік мектептері шәкірттерге әрдайым құрметпен қарап, қолдау көрсетуді және өзара сыйластыққа негізделген сындарлы қарым-қатынасты басты қағида ретінде ұстанады. Дегенмен, мұғалімдерге құрметпен қарау – мектеп үшін өзгермейтін және қатаң сақталатын талап», — деді Ә. Жанғозин.

Мектеп директоры қоғамның бұл мәселеге бейжай қарамай, белсенділік танытқанына алғыс білдірді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.