10-11-23 |
980 рет қаралған
Өз еріктерімен жұмыстан шыққан мұнайшылар келіссөзге келмей отыр.
Өз еріктерімен жұмыстан шыққан мұнайшылар келіссөзге келмей отыр

Маңғыстау облысының «West Oil Software» ЖШС сервистік компаниясының 542 жұмысшысы (оның ішінде 453 жұмысшы 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан босатылған) «ҚМГ» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы – «Ойл Транспорт Корпорейшн» штатына қалпына келтіруді негізсіз талап етуді жалғастыруда. Олар өз еріктерімен компаниядағы қызметінен босатылған болатын.

Атап айтқанда, 2018 жылы «5/50» бағдарламасы аясында аталған жұмысшылар «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-мен еңбек шарттарын тараптардың өзара келісімі бойынша ерікті негізде бұзды. Бағдарламаның мерзімі 2018 жылдың соңына дейін ғана қарастырылған.

Олардың барлығына 5 жылдағы лауазымдық жалақының 50% мөлшерінде өтемақы төленді (әр қызметкерге орта есеппен 11 млн.теңгеден).

Өтемақы түрінде алынған қомақты ақшаны олар күнделікті тұтынуға жұмсап қойған. Осыдан кейін жұмысшылар «Ойл Транспорт Корпорейшн» компаниясының штатына жұмысқа қайта кіруге әрекет жасап жүр.

Алайда, жұмыс беруші оларға шартты бұзған кезде жұмысқа қайта қабылданбайтынын, келісім-шартта жұмысқа кері қалпына келтіру қарастырылмағанын түсіндіріп, оларды жұмысқа қабылдаудан бас тартты.

Сонымен қатар, компанияда бос орындардың жоқтығы және «ҚМГ» жоспарына қызметтің осы түрін дамыту кірмейтіні түсіндірілді. Өйткені, компания бәсекелестік нарық жағдайында жұмыс жасайды. Бұған қарамастан, бұрынғы компания жұмысшылары жұмыс берушіге қысым жасау үшін әртүрлі бұқаралық акциялар өткізе бастады.

Келіссөздерден бас тартып, олардың талаптарын толық қанағаттандыруын талап етеді.

«ҚМГ» және жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі туралы бейнеүндеулер жазып, өндірісті тоқтатамыз деп сес көрсетуде. Олардың әрекеттері масылдық және арандатушылық сипатқа ие болып отыр.

1 қарашада «West Oil Software» компаниясының 10 жұмысшысы Астана қаласына келіп, орталық мемлекеттік органдардың алдына «ОТК» – ға ауыстыру туралы талап қойды, оны қалың көпшілікке жария етуде.

Бұл ретте наразылармен Энергетика вице-министрінің, Еңбек министрлігі Еңбек комитеті өкілдерінің және «ҚМГ» басшылығының қатысуымен «ҚМГ» кеңсесінде диалог алаңы ұйымдастырылды.

«WOS» кәсіпорнында техниканы жаңарту, ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға кепілдік беру, жалақы деңгейін сақтау бойынша оңтайлы нұсқалар ұсынылды.

Алайда, қызметкерлер жұмыстан босату туралы бұрын өз бетінше қабылданған шешім үшін жауапкершілікті мемлекеттік органдарға артуға  тырысады және келіссөздер процесіне қатысудан бас тартты.

Олар Астанада наразылық акциясын өткізу және оларға бүкіл ұжымды қосамсыз деп спекулятивтік әрекеттер жасауда.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысына «West Oil Software» қызметін тексеру және жергілікті жерде келіссөздер жүргізу үшін астанадан арнайы топ шықты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.