11-08-20 |
450 рет қаралған
Парашюті ашылмай қалған әскери қызметшінің жағдайы ауыр.
Парашюті ашылмай қалған әскери қызметшінің жағдайы ауыр

5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секіруді орындау барысында әскери қызметшілердің бірінде парашют толық ашылмай қалған әскери қызметінің жағдайы ауыр. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

«2020 жылғы 5 тамызда Ақтау қаласында ұшу құрамы парашютпен секіруді орындау барысында әскери қызметшілердің бірінде парашют толық ашылмады.

Жерден берілген командаларға парашютші жауап бермеді, қосалқы парашютті пайдаланбай, нәтижесінде жерге қатты қонды.

Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әскери қызметші Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілді. 8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық операция жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр» делінген министрлік таратқан ақпаратта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.