28-06-24 |
11050 рет қаралған
Парламент депутаттары екі айлық каникулға кетті.
Парламент депутаттары екі айлық каникулға кетті

Бүгін Мәжіліс спикері Парламент сессиясын қорытындылады.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформалары Парламент жұмысына жаңа бағыт-бағдар бергенін мәлімдеді.

«Көппартиялы Парламент заң шығарушы органның қызметіне тың серпін әкелді. Қоғамның түрлі идеологиялық көзқарастағы әралуан өкілдерінің келуі қабылданатын заңдардың сапасын арттыра түсті. Мұның бәрі Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңге айналды. Өткен сессия «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. Билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін бұл жүйе пәрменді шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызды. Осының бәрі елімізді одан әрі дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Президент жариялаған заң мен тәртіп үстемдігі қағидаты өткен заң шығару маусымындағы басты бағдар болды. Қоғамның сапалы заңдар қабылдауға деген сұранысын арттыра түсті. Парламент еліміздегі ең өзекті проблемалар бойынша заңнамалық шешімдер шығару және оларды ашық талқылау алаңына айналды. Түйткілді мәселелерді заңдар арқылы шешу негізгі тетік ретінде қалыптасып келеді. Нормативтік құжаттардың мәртебесі мен салмағы артуда»,  – деді Қошанов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.