09-04-24 |
4330 рет қаралған
Қазақстан Сенатына #ЗаконСалтанат деген 5 мыңнан астам хат жолданған.
Қазақстан Сенатына #ЗаконСалтанат деген 5 мыңнан астам хат жолданған

Қазақстандықтар зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп, үш күн ішінде Сенатқа #ЗаконСалтанат деген 5 мыңнан астам хат жолдады, деп хабарлады «Еркіндік Қаната» қоғамдық қоры.

«Зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң қабылдауды талап ететін науқан басталғаннан бергі алғашқы үш күнде қазақстандықтар парламентке 5 мыңнан астам хат жолдаған. Тағы ондаған мың азамат онлайн режимде заңды қолдайтынын білдірді: 2023 жылдың қарашасында Салтанат Нүкенова қайтыс болғаннан кейін басталған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция Қазақстан тарихындағы ең ірі петицияға айналды, аз уақыт ішінде оған 150 мыңнан астам өтініш түсті», – делінген хабарламада.

Бастамашыл топ зорлық-зомбылықты криминализациялау туралы заң жобасын қабылдауды кейінге қалдыру немесе қабылдамау қаупі әлі де бар екенін айтады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.