27-02-25 |
500 рет қаралған
Қазақстандағы әйелдер ерлерге қарағанда 8 жыл ұзақ өмір сүреді.
Қазақстандағы әйелдер ерлерге қарағанда 8 жыл ұзақ өмір сүреді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, биылғы жылдың басында Қазақстан халқының саны 20,3 миллион адамға жетті.

Туу коэффициентінің төмендеуі 6,2%-ды құрады. Өткен жылы Қазақстанда 2004 жылдан бергі ең төменгі туу көрсеткіші тіркелді.

Сондай-ақ, Әлназарова елдегі өмір сүру ұзақтығының гендерлік айырмашылығына тоқталды. Әйелдердің орта есеппен ерлерге қарағанда 8 жыл ұзақ өмір сүретіні анықталды.

Өкінішке қарай, елдегі ер адамдардың өлім-жітімі әйелдерге қарағанда жоғары. Бұған суицид, қылмыс, жол-көлік оқиғалары, өндірістегі өлімге әкелетін жарақаттар, сондай-ақ жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын жоғары өлім деңгейі себеп.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.