24-08-23 |
1430 рет қаралған
«Қазақтелеком» қазақтың ақшасын жеуді қашан қояды?.
«Қазақтелеком» қазақтың ақшасын жеуді қашан қояды?

Журналист Кирилл Павлов өзінің Telegram-каналында «Қазақтелеком» АҚ басшыларының қанша сыйақы алатыны туралы ақпарат жариялады.

«Жақсы өмір сүруге тыйым сала алмаймыз», – деп жазған журналист Қуанышбек Есекеев бастаған директорлардың жүздеген миллион сыйақы алғанын тізбектепті.

2022 жылы басқарманың төрт мүшесі – Қуанышбек Есекеев, Людмила Атамуратова, Берік Битабаров және Нұрлан Мейірманов барлығы 422 млн 105 мың теңге сыйақы алған. Егер адам басына теңдей бөлсе 105,53 миллион теңгеден келеді.

Ал, 2021 жылы басқарманың 9 мүшесі 500,4 миллион теңгені өзара сыйақы ретінде бөлісіп алған.

Осылайша «Қазақтелеком» басшылары жыл сайын айлық жалақысынан бөлек ондаған, кейде жүздеген миллион теңгені бонус ретінде алып отырады.

Arasha.kz

ФОТО: дереккөз

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.