«Жүректен жүрекке» акциясы аясында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша ҚХА-ның республикалық және өңірлік штабтарының кезекті бірлескен онлайн отырысы өтті.
Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері қатысты.
Аталмыш жиында ҚХА өңірлік штабтарының жұмысын үйлестіру және «Жүректен жүрекке» жобасының іске асырылу барысы мәселелері қарастырылды.
Анықтама: «Жүректен жүрекке» жобасы аясында гуманитарлық көмек Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына жіберілді. Республика бойынша ҚХА-ның 9,8 мыңнан астам еріктілер жұмылдырылды. Бүгінгі таңда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері тарапынан 212,3 тонна азық-түлік және алғашқы уақытта қажетті заттар жіберіліп, сондай-ақ 253 млн теңгеден астам сомаға қаржылық көмек көрсетілді.
ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындарға тұрақты түрде көмек көрсетіп және жүктерді жеткізіп, таратады. Құтқарушыларға жәрдемдеседі және су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы маңызды ақпараттарды жариялайды. Сонымен қатар, құтқарушылар мен еріктілер үшін жергілікті жерлерде ҚХА тарапынан ыстық тамақ ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, барлық өңірлерде ҚХА Достық үйлерінің негізінде гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмыс істейді, онда әрбір адам азық-түлік, қажетті киім-кешек және т.б. заттарды тапсыра алады.
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024