28-02-24 |
1710 рет қаралған
Қосшы Астанаға қашан қосылады? Әкім жауабы.
Қосшы Астанаға қашан қосылады? Әкім жауабы

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қосшы мен өзге де елдімекендер Астанаға 20235 жылға дейін қосылмайтынын айтты.

«Қаңтар айында қаланы дамытудың 2035 жылға дейінгі Бас жоспары бекітілді. Мен осы құжаттар аясында нақты ресми мәлімдемелер жасай аламын. Осы құжат аясында Қосшыны Астанаға қосу 2035 жылға дейін күтілмейді. Жалпы, жақын маңдағы елді мекендер Астанаға қосылады деп болжамаймыз», – деді Қасымбек сейсенбі күні өткен үкімет брифингінде.

Бұл ретте әкім уақыт өте келе мұндай сұрақ туындайтынын да атап өтті.

«Бірақ әзірге ресми дәлелдер жоқ», – деп қосты Қасымбек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.