03-04-24 |
2900 рет қаралған
Ірі кәсіпорындар ШОБ-ты қолдауы тиіс – Олжас Бектенов.
Ірі кәсіпорындар ШОБ-ты қолдауы тиіс – Олжас Бектенов

Отандық өндірісті ынталандыру үшін Премьер-Министр жыл соңына дейін ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілерімен жасалатын оффтейк-келісімшарттарының санын кем дегенде екі есеге арттыруды тапсырды.

Егер бұрын бұл жұмыс ерікті түрде жүргізілсе, қазір заңнамада ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құру және олармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу міндеті бекітілген.

Бүгінгі таңда ірі тапсырыс берушілер мен отандық өндірушілер арасында моноқалаларда 24,5 млрд теңге сомасына 20 ұзақ мерзімді шарт және 47,3 млрд теңгеге 13 оффтейк-келісімшарт жасалды.

Үкімет басшысы бұл шаралар жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Ірі компаниялардың айналасында шағын және орта бизнес субъектілерінің белдеуін дамыту қажет. Бұл ірі компаниялардың міндеті болуы керек. Үкімет тарапынан оларға көмек көрсетілуде. Өз кезегінде олар қарсы міндеттемелер қабылдауы керек», — деді Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.