Біз
әлеуметтік
желіде
29-05-25 |
370 рет қаралған
Шерзат ісі бойынша судьяны ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады.
Шерзат ісі бойынша судьяны ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан қылмыстық процесте Ержан Жанұзақов сот төрағасы ретінде қалатын болды. Бұл туралы судья Асқарбек Беймбетов мәлімдеді. Ол айыпталушылардың адвокаттарын, прокурорларды және қылмыстық іс фигуранттарының ата-аналарын тыңдағаннан кейін шешім шығарды.

Еске салайық, кеше басты күдікті Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж. Әбенов судьяны істен шеттету туралы өтініш білдірген болатын. Қорғаушының айтуынша, оның қорғауындағы азаматтың оқиға орнында болуы мүмкін деген болжамға негіз болған киім түсі жөніндегі сараптама қорытындысымен ол келіспейді. Сонымен қатар, адвокат соттың сарапшылар мен тергеушіні шақырудан бас тартқанын айтып, осыған байланысты судьяға сенімсіздік білдіріп, оны істен шеттетуді сұраған. Бұл өтінішті адвокаттың әріптестері де қолдады. Сот айыпталушылар мен олардың аналарынан да пікір сұрады. Олар: «Адвокаттардың шешіміне сенеміз», «Адвокатымызды қолдаймыз» деп жауап берді.

Судья Беймбетов айыптау тарабының да пікірін сұрады. Екі прокурор да судьяны істен шеттету туралы өтінішті «қараусыз қалдыру керек» деген пікір білдірді. Прокурор Дана Сәрсембай бұл өтініштің «эмоцияға негізделгенін» атап өтті.

Нәтижесінде Ержан Жанұзақов Шерзат ісі бойынша сот отырысында төрағалық етуді жалғастырады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.