Біз
әлеуметтік
желіде
28-05-25 |
1040 рет қаралған
Шымкент әкімінің орынбасарына оқ атқан адамның әйелі мәлімдеме жасады.
Шымкент әкімінің орынбасарына оқ атқан адамның әйелі мәлімдеме жасады

Ол күйеуінің қателескенін айтып, бұл жағдайды тағдырдың сынағы ретінде қабылдайтынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасады деп күдікке ілінген Ернар Жиенбайдың жұбайы Луиза Алданова Instagram парақшасында жазба жариялады.

Өз үндеуінде ол жәбірленушіге жанашырлық білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі. Алданова өткен ай бүкіл отбасы үшін ауыр сынақ болғанын атап өтті. Оның айтуынша, олар күн сайын Руслан Берденовтің денсаулығына алаңдап, оның ауруханадан шыққанына шын жүректен қуанған.

«Бізді Ернармен танитындар – бізді қарапайым, отбасын қадірлейтін жандар ретінде біледі. Егер Ернар шалыс басса, бұл – оның қателігі, мен мұны тағдырдың сынағы ретінде қабылдаймын», – деп жазды Алданова.

Сондай-ақ, ол өзінің қақтығысқа қатысы бар деген қауесеттерді жоққа шығарып, мұндай айыптауларды негізсіз деп атады: «Менің тәрбием мен иманым мұндай нәрселерді тіпті ойлауға да жол бермейді».

Оқиғадан кейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ресми емес нұсқалар тарала бастады. Онда шабуылдың тұрмыстық сипатта болғаны және жеке себептерге байланысты жасалғаны – яғни күдікті әйелінің абыройын қорғағаны туралы айтылды.

21 сәуір кешке Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов әкімдік ғимаратының жанында оқ жарақатын алған. Ол ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазір ол ауруханадан шықты. Өз сөзінде ол қалыпты өміріне оралғанын мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.