27-06-24 |
4950 рет қаралған
ШЫҰ саммиті кезінде баспанасыздар Астанадан шығарыла ма?.
ШЫҰ саммиті кезінде баспанасыздар Астанадан шығарыла ма?

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев ШЫҰ саммиті кезінде баспанасыз қалғандар Астанадан шығарылма деген сұраққа жауап берді.

Ол мұндай шаралардың кеңестік кезеңде де қолға алынғанын атап өтті. Бірақ бұл жағдайда баспанасыздарды қала сыртына шығару болжанбайтынын жеткізді.

«Біздің азаматтардың бүкіл ел бойынша еркін жүріп-тұруға құқығы бар», – деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, 3 және 4 шілдеде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары мен өкілдерінің қатысуымен ШЫҰ саммиті өтеді. Бұл күндері балабақшалар жұмыс істемейді, қызметкерлерге қашықтан жұмысқа көшу ұсынылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.