06-08-22 |
300 рет қаралған
Тергеліп жатқан полиция генерал-майоры абақтыда өлі күйінде табылды.
Тергеліп жатқан полиция генерал-майоры абақтыда өлі күйінде табылды

Алматыдағы уақытша ұстау абақтысында генерал-майор Жайлаубек Халықұлы өлі күйінде табылды. Бұл мәліметті Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

«Тергеу үшін қамауға алынған Халықұлы Жайлаубекті таңғы сағат 7:00 шамасында күзетші анықтады. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, сотталушыны құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем оның механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болғанын анықтады»,-делінген хабарламада.

Қазір генерал-майордың өліміне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қамауға алынған адамға қатысты заңсыз әрекеттер фактілері анықталмағанын айтады.

59 жастағы Ж. Халықұлы әр жылдары Алматы мен Ақмола облыстарының полиция департаменттерін басқарған. Ол 23 мамырда ұсталды. Оған қылмыстық істі тоқтату мақсатында белгілі бір азаматтың ақшасы мен мүлкін алаяқтық жолмен алды деген айып тағылған.
Алдын ала болжам бойынша ол өзіне қол салған болуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.