19-01-24 |
6830 рет қаралған
Тұрлыханов пен Дайрабаев дау-дамайдан кейін Ұлттық құрылтайдан шеттетілді.
Тұрлыханов пен Дайрабаев дау-дамайдан кейін Ұлттық құрылтайдан шеттетілді

Мәжiлiс депутаттары Дәулет Тұрлыханов пен Жигули Дайрабаев жанжалдың салдарынан Ұлттық құрылтайдан шеттетілді.

«Ұлттық құрылтай құрамынан Б.Әлтеев, Ә.Толамісов, Ғ.Қанай, С.Оғай, Ж.Дайрабаев, Қ.Майгелдинов, Б.Уәли, А.Тимощенко-Боровикова, С.Сарыбай, Д.Тұрлыханов, А.Лодочников, С.Құранбек, Е.Суларов шығарылды», – деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық құрылтай жұмысына қоғамның жаңа өкілдері – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева, Қазақстан корейлері қауымдастығының төрағасы Юрий Шин, Қазақстан Еңбек Ері, Семей қаласының №7 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Жұбанов университетінің басқарма төрайымы-ректоры Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетикадан атлет. Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының жетекшісі Лугмар Буларов, тележүргізуші, «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько тартылды.

Сонымен қатар, бірқатар облыстардан қоғамдық кеңес мүшелері де қамтылды.

​«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтылғандай, биылғы көктемде өтетін Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізілуде», – деп қосты Ақорда.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың жиені әнші Рахат Тұрлыханов әйелін тағы да ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынғанын хабарлаған болатын. 2023 жылдың қазан айында Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деп айыпталған. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, татуласуға келісті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.