26-03-24 |
8500 рет қаралған
Вандализм жасап аты шыққан шенеунік Мәдениет үйінің директоры болды.
Вандализм жасап аты шыққан шенеунік Мәдениет үйінің директоры болды

Вандализм жасады деп айыпталған шенеунік Манас Көшербаев Ақтөбе облысындағы мәдени орталыққа басшылыққа келді. Бұл туралы «Еуразия» телеарнасы мәлімдеді.

«Манас Көшербаевтың құжаттары барлық талаптарға сай болды. Сондықтан 6 наурызда Манас Көшербаев Байғанин аудандық мәдениет үйінің меңгерушісі болып тағайындалды», – деді Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.

Бұл лауазымға конкурс 15 ақпанда жарияланған болатын. Үш адам өтініш берген. Бірақ олардың екеуі талапқа сай келмеді, екі үміткер де басшылық қызмет атқармаған.

Айта кетсек, 2023 жылы Маңғыстау облысындағы Ыбықты Сай шатқалында вандализммен көзге түскен шенеунік ұсталған болатын.

Даудан кейін Ақтөбедегі зағиптар мәдени орталығының директоры барша қазақстандықтардан кешірім сұраған видео үндеу жариялады. Айтуынша, ол дөрекі сөздерді түзетпек болған, арам ниеті болмаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.