09-10-18 |
3930 рет қаралған
Қымызды жиіркенішті тағамдар музейіне қойды.
Қымызды жиіркенішті тағамдар музейіне қойды

Қазақ халқының ұлттық сусыны – қымызды әлемдегі ең жиіркенішті тағамдар музейі экспозициясына қойыпты деп kaktakto.com сайтына сілтеме жасап, хабарлайды arasha.kz.

Музейдегі экспонаттар арасында жарқанат қосылған салат, тұздық құйылған қоянның басы, сасып, борсып кеткен дуриан деп аталатын Тай жемісі мен басқа да түрлі ұлттардың тағамдары бар.

Осы тағамдар арасына көшпенділердің мыңдаған жылдар бойы шөлін басып, еміне дауа боп келген, сүйікті сусыны – қымызды да музей өкілдері кіргізіп отыр.

Алайда музейдің иелері қымызды не үшін ең жиіркенішті тағамдар қатарына қосқандарын түсіндірсмейді.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.