24-11-20 |
330 рет қаралған
Жарты жылда 500 мың адам көшкен.
Жарты жылда 500 мың адам көшкен

Жарты жыл ішінде ел ішінде 500 мың адам қоныс ауыстырып, көшіп-қонған. Азаматтар үлкен қалалардың маңына шоғырланып жатыр. Бұл туралы «Ақ жол» партиясы фракциясы депутаттарының үкіметке жолдаған депутаттық сауалында айтылады. 

Депутаттар үкіметтен қала маңындағы ірі елді мекендердің даму концепциясын қайта қарауды ұсынып отыр.

Елімізде соңғы жиырма жылда тұрғылықты мекенжайын ауыстырып, көшкендердің саны күрт өсті. Статистика комитетітінің есебіне жүгінсек, өткен жылдың бірінші жартысында 500 мыңнан астам Қазақстан азаматы ел ішінде қоныс аударған. Осының нәтижесінде Қазақстан қалаларында халық көп шоғырланған агломерациялар мен жаңа ауылдар пайда болды. Мысалы, соңғы 10 жылда Шымкент қаласының маңына 500 мыңнан аса халық табан тіресе, Шығыста Өскемен қаласының бұрынғы саяжайлары қазір 100 мыңнан асатын тұрғыны бар қала маңындағы ауылға айналды. Бұл урбанизация процесі еліміздің барлық облысына тән. Сарапшылардың пікірінше, ішкі миграция ары қарай өсетін болады. Ұлттық мүддені ескеріп және жергілікті тұрғындармен ақылдаса отырып, қала маңына орналасқан халық саны көбейіп келе жатқан ауылдарды қолжетімді, пайдалануға ыңғайлы, қарапайым мәдени және спорт обьектілерімен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын қабылдауды сұраймыз», – деді депутат «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаты Берік Дүйсенбинов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.