30-03-20 |
520 рет қаралған
Біртанов: 8 адамның жағдайы нашар.
Біртанов: 8 адамның жағдайы нашар

Коронавирус анықталған адамдардың ішінде 8 науқастың жағдайы нашар. Оның төтреуі жасанды дем беру аппаратына қосылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 30 наурызда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«8 науқастың жағдайы нашар. Төртеуі жасанды дем беру аппаратына қосылған. Олар бақылауда. 30 науқастың жағдайы орташа деп бағаланып отыр. 244 науқастың жағдайы жеңіл немесе симптомсыз науқастар» деді Біртанов.

Соңғы мәлімет бойынша, елде коронавирус анықталғандардың саны 302 адамға жетті. 21 адам коронавирустан айықты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.