27-07-20 |
400 рет қаралған
COVID-19-дан қайтыс болған академик қоштасу рәсімін бір жылдан кейін өткізуді өсиет етіп кеткен.
COVID-19-дан қайтыс болған академик қоштасу рәсімін бір жылдан кейін өткізуді өсиет етіп кеткен

Коронаирус індетінен көз жұмған қазақстандық белгілі экономист, қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев қайтыс болар алдында өзінің қазасына адамдардың жиналмауын айтып кеткен. Бұл туралы Халықаралық ақпарат академиясының әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның туыстарынына сілтеме жасап хабарлайды.

«…25 шілдеде 82 жасында академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев жүрегі тоқтап қайтыс болғанын қабырғамыз қайыса хабарлаймыз. Жаппай ауру бұл отбасын да айналып өткен жоқ. Оны таныған әр бір жан марқұмның терең ойлы, кең жүректі, жақындарына қамқор болғанын біледі.
Ұлы өмір сүрген ұлы адам. Жерлеу рәсімі тек жақындарының қатысуымен өтеді.
Қоштасу рәсімдерінің барлығы тура бір жыл өткесін, 2021 жылы 25 шілдеде болады. Бұл Кенжеғали Әбенұлының соңғы сөзі болатын. Марқұммен қоштасу рәсімінің өтетін орны мен уақытын алдын ала хабарлаймыз.
Сағадиевтер отбасы» деп жазылған қаралы хабарда.
Кенжеғали Сағадиевтің отбасы мен жақындарына ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтып, жеделхат жолдады.
«Кенжеғали Әбенұлы абыройлы қызметі мен бойындағы азаматтық  асыл қасиеттерінің арқасында халқымыздың лайықты құрметі мен қошеметіне бөленді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін», – делінген жеделхатта.
Марқұмның иманы саламат болсын!
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.