26-09-19 |
1830 рет қаралған
«Бұл аударма ісінің болашағына және әдебиетті насихаттауға салынған инвестиция».
«Бұл аударма ісінің болашағына және әдебиетті насихаттауға салынған инвестиция»

Британия астанасы Лондон қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асып  БҰҰ-ның алты тіліне аударылып жатқан қазақ прозасы мен поэзиясы антологиясының ағылшын тіліндегі екі том аудармасының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге президенттің көмекшісі Аида Балаева, «Ұлттық аударма бюросының» директоры Рауан Кенжехан, Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек және Британиядағы қазақ елшісі Ерлан Ыдырысов сондай-ақ жобада жұмыс істеген топ қатысты. Антологияны ағылшын тіліне аударып, дайындау ісіне қатысқан журналист, мәдениеттанушы Әсия Бағдәулетқызы «Бұл аударма ісінің болашағына, біздің әдебиетті насихаттауға салынған инвестиция» деп жазды өз парақшасында.

«Үлкен халықаралық команданың маңдай терінің жемісі – екі томдық (проза және поэзия) Заманауи Қазақ Әдебиеті Антологиясының ағылшын тіліндегі аудармасының тұсауы кесілді. Қазақ қауымын осы қуанышпен құттықтаймын.

Кезінде Чосерден бастап Шекспир, Байронды басқан, Хемингуэйді басқан беделді Кэмбридж Университеті баспасы қазақтың 60 авторын басып шығарды. Британ кітапханасына жергілікті әдеби орта мен Орта Азия, Қазақстан тақырыбын зерттейтін ғалымдар жиналды.

Бұл жоба басталғанда қиын болатынын білгенбіз, бірақ көздің майы, маңдайдың тері, уақыт пен күшті жұмсауға тұратын іс болғандықтан барымызды салдық.

Ұлттық аударма бюросы қазақ тілінен ағылшын тіліне тікелей аударма жасай алатын тәржімашыларды жұмысқа тартты, тәрбиеледі, тәрбиелеп келеді. Бұл -аударма ісінің болашағына, біздің әдебиетті насихаттауға салынған инвестиция деп білемін».

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.