12-12-18 |
3650 рет қаралған
Детектив шығармалар байқауы: Бас жүлде кімге бұйырды?.
Детектив шығармалар байқауы: Бас жүлде кімге бұйырды?

Алматы қалалық сотында 12 желтоқсан күні детектив шығармалар бойынша жарияланған байқаудың қорытындысы жарияланып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара Алматы қалалық сотының 50 жылдық және «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС-нің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын.

Қазақ прозасының кенжелеп қалған бұл жанрын оқырмандар тілегі бойынша Алматы қалалық сотының қолдауымен –  «Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС ұйымдастырды.  Жүлде қоры – 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрайтын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам үміткер өз шығармаларын жолдады. Соның арасынан сарапталып алынған 30-дан астам шығарма төрт ай бойына «Заң газетінде» жарияланып келді.

Қазылар алқасының құрамында Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов бастаған, «Ақиқат» ұлттық, қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, ақын, публицист Аманхан Әлім, ақын, журналист-жазушы Серік Сарыбаев және «Заң газетінде» ұзақ жыл қызмет атқарған, құқықтық тақырыптың қыр-сырына қанық, детектив жанрындағы шығармалар жинағының авторы, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, белгілі журналист Елеусіз Мұратов бар.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынға Әлібек Байбол лайық деп танылып, 500 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды. Екінші орын (200 000 теңге) Жанар Жанапиянованың еншісіне тиді. Ал, үш 3-орынды (әрқайсысы 100 000 теңгеден) Әсем Жұмақан, Еркеғали Бейсенов және Қуандық Шамахай өзара бөлісті.

Мұнан бөлек, шығармалары үздік ондықтың қатарына енген Арман Жусанбаев, Қанат Ғұмаров, Гауһар Нұрханова, Жадыра Шамұратова және Талшын Күлпейс Алматы қалалық соты тағайындаған ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Ұйымдастырушы жөніндегі мәлімет:

«Заң» медиа-корпорациясы» ЖШС-і – 1994 жылы құрылған. Ол еліміздегі құқықтық салаға арналған бірден-бір республикалық  2 газет («Заң газеті» және  «Юридический газета») пен 2 ғылыми журналдың («Заң» және «Фемида») шығарушысы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.