20-06-19 |
3230 рет қаралған
Қытай Қырғызстанда Ли Бай ақынның музейін салмақ.
Қытай Қырғызстанда Ли Бай ақынның музейін салмақ

Қытай инвесторлары Қырғызстанда атақты қытай ақыны Ли Байдың музейін салмақ ниетте. Бұл туралы silkroadnews.org жазады.

Қытай инвесторлары Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиевпен кездесуде Ли Бай музейін салуы және ақын туралы фильм түсіру туралы ұсыныстарын айтқан.

«Осылайша, мәдени байланыстарды және қарым-қатынасымыздың маңызын көрсетіп, бұл жердің тарихи туристік орталық болғанын қалайсыз. Біз жергілікті режиссермен кездесіп, сценарий жайын сөйлестік. Фильмнің түсірілімі Қырғызстанда және Қытайда жүреді» депті көпсалалы «Чан Ань» корпорацисының директоры Ли Ган.

Сондай-ақ, Қытай инвесторлары Ыстық көлдің жағасында, «Бір белдеу – бі жол» бағдарламасының аясында туристік база, қонақ үй комплекстерін салу жоспарлары бар екенін де айтқан.

Қытайдағы «Таң» дәуірінде өмір сүрген Ли Бай ақын Қырғызстанның Тоқмоқ қаласына жақын Суяб қаласында туған делінеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.