07-12-20 |
410 рет қаралған
«Билік президент сайлауы кезіндегі тәуелсіз бақылаушылар қарсылығынан сабақ алды «.
«Билік президент сайлауы кезіндегі тәуелсіз бақылаушылар қарсылығынан сабақ алды «

Орталық сайлау комиссиясының 4 желтоқсандағы бақылаушыларға қатысты шығарған қаулысы сарапшылар арасында қызу талқыланып жатыр. Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев та қаулы жайлы ойын жария етті.

«Биліктің бақылаушыларды сайлау процесінен біржола аластауға бағытталған соңғы қадамына қарап, Ақ орда мен «Кітапхана» «Қазақстан Белорусь тәжірбиесінен үйренуі керек» деген Белроусь президенті Александр Лукашенконың сөзінен кейін оны саяси кеңесші етіп алғандай әсер қалдырады. Бірақ Ақ орда мен «Кітапхана» былтырғы президент сайлауы кезіндегі қоғамдық қарсылықтан сабақ алған. Ол кезде күтпеген жерден бірінші планға тәуелсіз бақылауышлар шыға келген еді. Бұл билікті шошытты. Өйткені бұған дейін саясатқа қызықпаған адамдардан құралған бақылаушылар негізгі оппозициялық саяси күшке айналды. Оның үстіне Белорусь пен Қырғызстандағы жағдайдан соң және оппозициясының дауыс беру туралы белсенді үгіті әрі оның көптеген бақылаушылар қажет ететіндігі биліктің қорқынышын үдете түсті.

Тәуелсіз exit poll ды шегеріп, жаңа тәуелсіз партиялардың пайда болу жолдарын жауып, тәуелсіз бақылаушыларға кедергі қою арқылы билік саяси жылымықтың басталмай жатып аяқталғанын көрсетіп отыр» деп жазады саясаттанушы.

4 желтоқсандағы қаулы бойынша сайлау учаскесінде рұқсатсыз фото/видеоға түсіруге болмайды. Сондай-ақ жарғылық мақсатында сайлау процесіне қатысу, сайлауға бақылаушы жіберу жазылмаған ұйымдар сайлауды бақылауға жіберілмейді.

фото: ult.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.