13-07-20 |
710 рет қаралған
«Бұл идеологиялық іріткі салу».
«Бұл идеологиялық іріткі салу»

Марат Бәйділдаұлы, жазушы-публицист:

– СССР-ді насихаттайтын жымысқы әрекеттер кейінгі кезде жиі бой көрсететін болды. Бұрын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің қайраткерлеріне әлдебір темір-терсегін беріп көңілдерін Ресейге байлап қоятын. Биылғы жылдың басынан бері баяғы кызыл армияның әлдебір полкі немесе дивизиясының Қызыл туын шекарадан құрметпен өткізіп, Қазақстан қалаларында әлдебір «салтанатты» шаралар ұйымдастыратын болды.

Қазақ жеріне топалаң салып, ата-бабаларымызды қырған казак-орыстардың кеудесіне тағылатын георгиев лентасы бүкіл ресейшілдер көліктерінің «паспортына» айналды. Ресей қаулаған коронавирус індетіне қарамай 24 маусымда Мәскеуде жеңіс парадын өткізбек. Бұл да «Русский мирді» насихаттайтын бюджеті орасан шара.
Бүгін Алматыда Достық даңғылы бойымен Абай даңғылынан Құрманғазы көшесіне қарай жаяу түсіп келе жатсам жол бойында «1991. Сенің Отаның қайда?» деген қазақ және орыс тілдерінде бірінен кейін бірі төрт-бес жарнама көзге шалынды. Тәуелсіз Қазақстанда қазақстандықтарға мұндай сұрақ қойылмасы белгілі. «1991» деген цифрлар үлкен қызыл бояумен берілген. Қызыл бояу мен «Сенің Отаның қайда?» деген тіркес оқыған адамның ой-астарына «СССР» деген ұғым туғызып тұр. Яғни «Отаныңа, СССР-ға қайт!» дегені. Бұл идеологиялық іріткі салу деген сөз!
Кремль идеологтары путиндік режим тұсында келмеске кеткен «СССР-ді» тірілтуді армандайды. Украинадан айырылып бара жатқан соң енді Қазақстанды уысында ұстағысы келеді. Мына жарнама-сымақ дәл осы мақсатқа қызмет етіп тұрғаны анық. Өз халқының 90 млн адамын қырған, халықтар түрмесіне айналдырған СССР енді ешкімге керегі жоқ!
Сондықтан Алматы қалалық Ішкі саясат бөлімі мынандай идеялық диверсияға тоқтау салуы, рұқсат бергендерді жауапқа тартуы, мұндай бассыздықтарға жоқ бермеуі қажет!

Жазушы-публицистМарат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев):Алматы қалалық Әкімшілігінің назарына!ҚАЗАҚСТАН СССР-ді САҒЫНБАЙДЫ! …

Опубликовано Marat Baidildauly Вторник, 9 июня 2020 г.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.