19-03-22 |
760 рет қаралған
Мажоритарлы жүйемен сайлану үшін депутаттардың халық алдында абыройы болу керек – саясаттанушы.
Мажоритарлы жүйемен сайлану үшін депутаттардың халық алдында абыройы болу керек – саясаттанушы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген саяси реформалар елдегі саяси жүйеге үлкен өзгерістер әкелмек. Енді саяси партия құру механизмі жеңілдегенімен, депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігі арта түседі. Сондай-ақ, Президент Мәжілістің мәртебесі артатынын да тұспалдады.
Саясаттанушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, PhD доктор Индира Рыстина саяси реформалардың күрделі екенін, ал негізгі жүк «AMANAT» партиясына артылып отырғанын айтты.

«Биылғы жолдау саяси реформалардың шоғырлануымен ерекшеленді. Ол саяси жүйені қозғалысқа әкелетін механизмдер өзгеріске ұшырайтындығының көрсеткіші. Он бағыттың әр қайсысы күрделі. Елімізде бар сайланбалы алты саяси институттың төртеуінің сайлану тәсілдері өзгеріп жатыр. Оған қоса тағы бір саяси институт жанама сайлау принципіне негізделетін болды.
Саяси реформалар саяси билікті трансформациялауға ғана емес, азаматтың қоғам мен қоғамның саяси мәдениетін жетілдіруге бағытталған. Сайлау өкілді органдардың мемлекеттік аппаратқа тәуелді болуының алдын алып,

Парламенттің рөлін күшейтуді көздейді.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы басқарудың «суперпрезиденттік» түрінен «мықты Парламенті бар президенттік республика» форматына көшуді атап өтті, осыған байланысты Сенатты құру тәртібі мен функциялары қайта қаралады, ең бастысы, Мәжілістің жалғыз заң шығарушы орган ретінде рөлі айтарлықтай артады.

Осы тұста барлық деңгейдегі депутаттардың беделі артып, жауапкершіліктері еселенеді. Мажоритарлы жүйемен сайлану үшін, болашақ депутаттардың халық алдындағы абырой болу керек, партиялық тізіммен сайланған депутаттар компетенциялары мен сенім деңгейі бойынша ол депутаттардан кем түспеуі керек.

Осындай өзгерістер еліміздің ең ірі партиясы – «Аманат» партиясына жүктелген жауапкершілікті арттырады. Ендігі кезекте қоғам назары Мәжілістегі «Аманат» фракциясына аударылатын болады, әрбір шешім Президенттің реформаторлық бағытын іске асыру құралы бола отырып, «жаңа Қазақстан» шеңберінде тарихи маңызға ие болады. Үлкен саяси билікке ие болудың артында халықтың және елдің әрбір азаматтың алдында үлкен жауапкершілік тұр», – деді саясаттанушы өзінің Facebook-парақшасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.