10-04-19 |
1500 рет қаралған
Нұрғиса Дәуешов: Бақытты болашақ үшін жасалған тарихи шешім.
Нұрғиса Дәуешов: Бақытты болашақ үшін жасалған тарихи шешім

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген 28 жыл ішінде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы қарқындап дамыды, білім мен мәдениет саласы да зор табыстарға жеткен бірегей тұрақты мемлекет болып қалыптасты.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президент лауазымынан өз еркімен бас тартып, өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағаннан кейін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес, бұл жауапты міндетті Парламент Сенатының төрағасы орындайды. Ол осы қызметті жаңа Президент сайланғанға дейін атқарады.
Сол себепті қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі яғни 2019 жылдың 9 сәуіріндегі Қазақстан халқына үндеуінде айтқан Президент сайлауын мезгілінен бұрын өткізу туралы шешімін қолдаймыз.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұл шешімі Еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және бейбітшілік пен бақытты болашақ үшін жасалған тарихи шешім деп ойлаймын.

Нұрғиса Дәуешов,
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.