07-07-21 |
370 рет қаралған
Тәуелсіздікті бір адаммен байланыстырып қойған дұрыс емес – Сарапшы.
Тәуелсіздікті бір адаммен байланыстырып қойған дұрыс емес – Сарапшы

Назарбаевты тәуелсіздік символы ретінде қабылдау – қоғамды кемсіту. Қазақстандық саясаткер Расул Жұмалы тәуелсіздік символын бір адаммен байланыстырмауды сұрайды. 

«Бірінші президент Қазақстанның тәуелсіздігіне, тәуелсіз ел атануына үлес қосқан тұлға. Саясат болсын, экономика болсын осы отыз жылда талай әттеген-айларға қарамастан қол жеткен нақты жетістіктерді жоққа шығаруға болмайды. Өткен іске сыншы көп. Кеңес үкіметінің шекпенінен шыққан мемлекеттермен салыстырғанда көш ілгері екенімізді мойындау керек. Ресейдің өзі болсын, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия елдерімен салыстырғанда Қазақстанда тұрақтылық бар. Қанша сыншыл болсақ та, аталған елдерден жағдай көш ілгері. Осы жылдарда саясатты жүргізген бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевты бөліп қарауға болмайды.

Тәуелсіздік барлық халықтың, қоғамның қол жеткізген құндылығы. Оны бір адаммен байлыныстырып қойған дұрыс емес. Ортақ жетістікті бір адаммен байланыстырып қойса қоғамның өзін кемсіткендей көрінеді. Оны қауқарсыз санау болып табылады»- дейді саясаткер Расул Жұмалы. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.