04-01-22 |
500 рет қаралған
Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс.
Тоқаев: Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс

«Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті.

Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр.

Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді.

Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді.

Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс» ,- деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында.

2 қаңтардан бастап Маңғыстау облысында газ бағасының өсуіне қарсы митингілер өтіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.