14-02-19 |
21710 рет қаралған
Владимир Божко: Бес баланың қазасына «времянканы» салған құрылысшылар кінәлі.
Владимир Божко: Бес баланың қазасына «времянканы» салған құрылысшылар кінәлі

Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко Астанада өрттен қаза болған бес баланың өліміне «времянканы» өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамай салған құрылысшылар кінәлі деді.

«Бұл жерде «времянка» салатындардың жауапкершілігін арттыру керек деп ойлаймын. Болған оқиғаға құрылысты қалай болса солай салған құрылысшылар кінәлі екеніне сенімдімін. Кез келген құрылыста өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтауға талапты күшейту қажет» деді Божко.

«Вы знаете, я думаю, здесь нужно повысить ответственность тех, кто строит времянки. То, что произошло, я абсолютно уверен, что это вина строителей, которые абсолютно безобразно построили. Надо повысить требования к соблюдению противопожарных норм в любом здании и сооружении», – сказал в четверг журналистам в кулуарах мажилиса В. Божко.

Депутат өрттен қаза болған бес баланы көргенде жүрегі қан жылағанын, ата-анасының балалары үшін аянбай еңбек еткендерін де атап өткен.

4-ақпанда Астана қаласы Сарыарқа ауданына қарасты жеке тұрғын үйдің ауласындағы кішкентай үйден өрт шығып, бес бала қаза болған еді. Содан бері қоғамда өрт қауіпсіздігі мәселесі қызу талқыланып келеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.