01-04-21 |
1370 рет қаралған
Депутат: Сыртқы қарыз 160 млдр доллардан асты.
Депутат: Сыртқы қарыз 160 млдр доллардан асты

Еліміздің вице-премьері Әлихан Смаиловқа депутаттық сауал жолдаған мәжілісмен Андрей Линник мемлекет қаржысының орнымен жұмсалуын талап етті.

Депутат бүгінде еліміздің берешегі 160 млрд доллардан асатынын айтып дабыл қақты.

Депутаттың пікірінше, ірі жобаларды жеке кәсіпорындар жүзеге асырғанымен, салмағы қарапайым халыққа түседі.

«Еуропалық қайта құру және даму банкі жалпы сомасы 9,4 миллиард доллардан асатын 280 жобаны қаржыландырған. Оның жартысынан астамы жеке секторға тиесілі»,- дейді Андрей Линник.

Сырттан қарызға алған ақшаны ысырап қылмауды сұраған депутат Нұр-Сұлтанда салынған қымбат мектептің жобалық құны 7,5 миллиард теңгеге бағаланғанын да айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.