Қазақстанның агломерация аймағына айналған елдің бетке ұстар облыстарында әкімдер ауысуы мүмкін. Сол жағалаудан «жел» тұрды. Жоғары лауазымды шенділердің креслосына қатысты қызықты ақпараттар әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Сонымен, кімнің бабы мықты, кімнің бағы жанады?
Әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпаратқа сүйенсек, Өмірзақ Шөкеев Алматы қаласының әкімі лауазымына лайықты негізгі үміткерлердің бірі.
Шөкеевті ерекшелейтін не? Өмірзақ Естайұлы елдің мойнын бұрғызған Арыс оқиғасы мен Жетісайдағы тасқын кезінде жағдайды қалпына келтіре алды. Резонанс тудырған оқиғаларда ол өзін жақсы жағынан көрсете білді. Тіпті, шағын саяси ортада оның «Данышпан» деген лақап аты да бар. Оның үстіне Елбасының ерекше назарын аударған Түркістан құрысы да Шөкеевке сеніп тапсырылғанын білеміз. Аз ғана уақытта миллиондарды жаратып сарай тұрғызды. Бейресми деректер бойынша Шөкеев бір ғана Түркістан үшін де үлкен құрметке лайық. Елбасының сенімді өкілі ертең-ақ жоғары қызметтен көрінуі ғажап емес.
Халықтың наразылығы мен реніші үдеген тұста Алматыға Шөкеев әкім болса, ол Байбек жасаған және Сағынтаев тазалай алмаған былықтарды жоюы керек.
Ал қасиетті Түркістанның тағдыры Алтай Көлгіновтың қолына өтуі мүмкін. Елордалық әкім сол жағалаудағы ақ жағалылардың көзіне жиі түсіп жүр. Көлгіновке қатысты күңкілдер көбейді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалдар мен экономикалық сұрақтарға қатысты дау да тыйылмай тұр. Бірақ Көлгіновтың Түркістанды көркейте алатынына күманданып жатқандар жоқ емес.
Ал басы даудан арылмаса да, бағы бес елі Бауыржан Байбекке қандай қызмет бұйыруы мүмкін? Байбектің келесі қызметі Нұр-Сұлтан әкімінің креслосы бола ала ма? Назарбаевтың бірінші орынбасары соңғы кезде ашық сұқбаттарға шығып, белсенділік танытып жүр. Зейінді көрермен оның бір жарым сағат бойы билік блогері атанған Бердоңғаровпен сұқбатын қызу талқылауда. Байбек сұқбатта Назарбаевтың есімін бірнеше рет атап, ұлт көшбасшысының ел алдындағы айрықша еңбектерін тағы бір еске салды.
Байбектің әр сөзін талқылаған оқырман билік партиясының белді мүшесін жоғары лауазым күтіп тұр деп түйді.
Көлгіновтің мақтауын асырып жүргендер Байбек пен Көлгіновті премьер мен вице-премьер етіп көрсетуі тегін емес. Сағынтаевтың қызметі белгілі болған кезде адамдар кімнің қайда баратынын біледі.
Ал Ақтөбені екі жыл ғана басқарған Оңдасын Оразалиннен жерлестері жалыққандай. Осы уақыт ішінде Тоқаевтан сөгіс те, ескерту де алып үлгерген Оразалин жиі сынға ұшырап жүрген әкімдердің бірі. Елдің кадрлар кабинетінде тәжірибелі мамандардың бірі болған шенді өзін әкім қырынан таныта алмады.
Сейілұлының экс-орынбасары Руслан Мамунов қылмыстық жауапқа тартылып, абақтыға қамалса, екінші экс-орынбасары Рахат Сыдықов Ақтөбеде қаржы пирамидасына қатысты дау туған тұста өз еркімен қызметтен кетті. Шендінің қызметтен бас тартуын «денсаулығына байланысты» деп түсіндіргенімен, Сыдықов сайлау кезінде Мәжіліс депутатынан дәмелі үміткерлердің қатарынан көрінді. Оның бәйгедегі белсенділігі сәтсіз аяқталып, депутаттар тізіміне іліге алған жоқ. Оразалиннің үшінші орынбасары Нұрауған Қалауов Президент өкімімен бір күнде қызметтен қуылды. Ақтөбе әкімінің жағдайы мәз емес.
Жалпы халықтың Мамин бастаған үкіметке деген сенімі шегіне жетті.
Үкіметтен өзгеріс күтіледі.
Еске салсақ, Arasha.kz осыған дейін қазақстандық кәрі әкімдерді де назарға алған еді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024