07-04-21 |
1460 рет қаралған
Мәжілісте жер дауына қатысты заң мақұлданды.
Мәжілісте жер дауына қатысты заң мақұлданды

Мәжіліс отырысының бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Енді жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға тыйым салынады.

«Ұсынылған заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу көзделген. Сондай-ақ, заң жобасында бұдан бұрын шетелдіктермен және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялармен жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалану мерзімін ұзартылмайтындығы және олардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатыны қарастырылған», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Мәжіліс отырысында. 

Айта кетсек, 2016 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік компанияларға сондай-ақ, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға жалға беруге, бұдан басқа Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншікке беруге қатысты мораторий енгізілді.

Министрдің сөзінше аталған мораторий мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. 

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырған болатын. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.