18-05-21 |
1430 рет қаралған
Ноғаев Түркістандағы 83 ауылдың бір сәтте жарықсыз қалу себебін айтты.
Ноғаев Түркістандағы 83 ауылдың бір сәтте жарықсыз қалу себебін айтты

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев соңғы жылдары қатты жел, көктайғақ, жауын-шашын салдарынан Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінің электр желілерінің темірбетон тіректерінің қирауы жиілеп кеткенін айтты.

«Осыған байланысты электр желілерінің қолайсыз ауа райына төзімділігін  арттыру мақсатында индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция министрліктеріндегі әріптестеріме электр желілерінің тіректері мен олардың конструкциялық элементтерінің сапасына қойылатын қолданыстағы стандарттар мен басқа да нормалардың талаптарын қайта қарау туралы өтініш білдіргім келеді», – деді Ноғаев үкімет отырысында.

Министр мәліметінше, биыл 13 наурызда қатты жел мен нөсер жауыннан «KEGOC» АҚ-ның 243 электр беру желісі тірегі және «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-ның 5270 электр беру желісі тірегі құлады. Электр желілеріндегі апаттың салдарынан Түркістан облысының 83 елді мекені жарықсыз қалды.

18 сәуірде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, Түркістан облысының тұтынушыларына қойылған шектеулер алынып тасталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.