02-02-21 |
1350 рет қаралған
Қазақстанда баспана бағасы арзандайды.
Қазақстанда баспана бағасы арзандайды

Елімізде 2021 жылдың екінші жартысында баспана бағасы арзандайды. Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағын алуға асыққандарға кеңес берді, деп хабардайды Arasha.kz.

«Тұрғын үй бағасының өсуіне келсек. Әрине үйдің бағасы нарыққа байланысты. Зейнетақы қорын баспана алуға жұмсауға рұқсат берілген соң, үй салушылар мен сатушылар көбірек пайда тапқысы келеді. Менің кеңесім, шамалы күте тұрған дұрыс. Тұрғын үй бағасы нарығының қалыпқа келуі үшін, сұраныс пен ұсыныс тең болуы тиіс. Менің болжамымша алдағы мамыр, маусым айларында баспана бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндей болуы ықтимал», – деді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова. 

Айта кетейік, баспана бағасын бір қалыпты ұстауды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын. 
 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.