28-04-21 |
1510 рет қаралған
Сот LRT құрылысының қаржысын тонады деп айыпталғандардың мүліктерін тізіп берді.
Сот LRT құрылысының қаржысын тонады деп айыпталғандардың мүліктерін тізіп берді

Нұр-Сұлтанда LRT жобасын іске асыру кезіндегі ұрлық бойынша сот өтуде. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұхан Мекемтас сотталушылардың тыйым салынған мүліктерін атады.

«Сот Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 385-бабы негізінде сот тергеуін қайта қарау туралы шешім қабылдады, өйткені сот тергеуінде шешуге қажетті түсініксіздіктер мен күмәндар туындады. Атап айтқанда, бірқатар мән-жайларды түсіндіру қаралып жатқан іспен байланысты, мән-жайды нақтылау қажет. Сот сотталушы Әбдіхамитовқа бірнеше сұрақ қойды», – деді судья Қажымұхан Мекемтас.

Оның айтуынша, бұрынғы кәсіпкер Әбдіхамитов пен оның отбасы мүшелеріне бірнеше көлік пен жылжымайтын мүлік тіркелген. Дегенмен әлі нақтылау керек.

Әбдіхамитовтар отбасының тыйым салынған мүлкі арасында елорданың Алматы ауданындағы жер учаскесі мен жеке үй бар.

«Жалпы, бұл үйді анам сатып алды, соның қаражатына сатып алынды. Оның ақшасы жария етілген», – деп түсіндірді Әбдіхамитов.

Сонымен қатар, отырыс барысында сотталушының анасына Bentley және Mercedes S-класты, ГАЗ-33022, 2013 жылғы төрт Toyota Hiace, КамАЗ және Toyota Camry автокөліктері тіркелгені белгілі болды.

Әбдіхамитовтың жұбайына жер учаскесі мен Алматы ауданындағы жеке үй, сондай-ақ бірнеше тұрақ орын, Алматы облысының Ынтымақ ауылындағы жеке үй тіркелген.

Сондай-ақ, бұрын Әбдіхамитовтың атында болған екі автомобиль тіркелген – Mercedes және Toyota Land Cruiser.

Судьяның мәліметінше, сотталушы Тимур Қасабаевтың мүлкі арасында 2011 жылы сатып алынған, жұбайына тіркелген Mitsubishi Pajero автокөлігі, сондай-ақ 145 500 теңге бар.

Сотталушы Ұлықбек Ачиловтың мүлкі арасында Целиноград ауданындағы Қосшы кентінде ипотекаға сатып алынған жеке үйге тыйым салынды. Қазір банк 2,5 жыл мерзімі өткен берешек үшін үйді тартып алмақ.

Сондай-ақ, 2006 жылдың сәуірінде сатып алынған Daimler және 2003 жылы сатып алынған Land Rover көліктері бар. Ачиловтың карточкасында 354 946 теңге көлемінде жеке қаражат болған.

Бұрынғы депутат және Нұр-Сұлтан мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісовтің мүлкі арасында елорданың Есіл ауданындағы екі тұрақ орын мен пәтер тәркіленді. Тұрғын үй 2012 жылы сатып алынған, оның атына 2014 жылы тіркелді. Оған қоса бір миллион теңгеден астам жеке қаражаты болды.

Нұр-Сұлтан қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжоловқа 2007 жылы сатып алынған пәтер Есіл ауданында тіркелген.

Айыпталушылардың адвокаттары судья Қажымұхан Мекемтасқа қарсылық білдірді. Дәурен Әбдіхамитовтің адвокаты процеске қатысушылардан, оның ішінде сот құрамынан БАҚ тартылатыны туралы өтініш те, қаулы да берілмегенін атап өтті.

«»Кімнің бастамасы бойынша қосылды? Бірде-бір қатысушы мәлімдемеді. Демек, сот өз бастамасы бойынша БАҚ-ты тартты. Бұл судьяға дауласуға толық негіз бар деп есептеймін», – деді сотталушының адвокаты.

Сот судьяны дисквалификациялау туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.