
Алматылық судьяның ұсталуына қатысты желіде жаңа мәліметтер шықты. Телеграм каналдағы ақпаратта Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованың кабинетінен 4500 доллар табылса, үйінен 2 800 000 доллар тәркіленді. Бұл фемида өкілі сақтаған доллардың бәрі емес. Судья көлігіне тағы 600 мың доллар жасырған делінген.
Telegram каналда тараған мәліметке сүйенсек, судья құрылыс компаниясынан 1 180 000 доллар пара сұрау кезінде қолға түскен.
Заңсыздықтар Алматы қалалық ҰҚК мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген тексеріс кезінде анықталды.
Қазіргі күні судьяға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды.
Судья Света Жоламанова мүдделі тұлғаларға олардың пайдасына шешім шығаруға көмектесуге байланысты алаяқтық әрекеттерді жасады деп күдіктелуде.
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025