26-01-21 |
1480 рет қаралған
«Жұмыс көп»: Тоқаев әкімдерге вакцинаға қатысты дүрбелеңнің алдын алуды тапсырды.
«Жұмыс көп»: Тоқаев әкімдерге вакцинаға қатысты дүрбелеңнің алдын алуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықты жаппай вакциналау мәселесіне баса мән беру туралы айтылды. Денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдеріне дүрбелеңнің алдын алу тапсырылды, деп хабарлайды  Arasha.kz.

 «Бұл мәселе бойынша тек Денсаулық сақтау министрі ғана емес, әкімдердің бәрі мына жайды ескеруі керек: жалпыға ортақ вакцинация – өте маңызды мәселе. Бізге азаматтарды вакцинациядан өткізуде өте салмақты, ойластырылған, қыр-сыры ескерілген жоспар керек. Дүрбелең болмас үшін ол салада ескеретін өте көп нюанс бар. Вакцинация эпидемиологиялық ахуалды түзеуі керек. Алда жұмыс көп», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Денсаулық сақтау министрі алдағы уақытқа эпидемиологиялық ахуал болжамдарын ұсынды. Цой наурыз айында сақтық шараларды күшейту керектігін айтты.

«Пессимистік сценарий бойынша күніне тіркелгендер 9 мыңға дейін жетуі мүмкін. Төсек сыйымдылығы 45 мың кереуетке жетеді. Шамадан тыс жүктемені болдырмау үшін қатаңдатылған карантин енгізілуі мүмкін. Бірінші жартыжылдықта 2 миллион адамға жасалған вакцинация жұқтыру көрсеткішін 40 мың жағдайға дейін азайтуға көмек береді деп болжануда», – дейді Алексей Цой.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында  елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқылануда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.