Қазақстан үкіметі Алматыдағы ұшақ апатына қатысты авиациялық жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында сараптау комиссиясын құрды. Ұлттық қаупсіздік комитеті, қорғаныс және ішкі істер министірліктерінің өкілдері табылған «қара жәшікке» тексеру, анықтау жұмыстарын бастап кетті.
«Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесінің апатқа ұшыраған оқиға орнында. Борттық жазу құралы («қара жәшік») табылды және ішіндегі мәліметтері тексерілуде, нәтижелері жақын уақытта хабарланатын болады»,-дейді ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі.
Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасы қажетті материалдық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
«Апат кезінде қаза болғандар мен зардап шеккендердің туысқандарымен психологтар жұмыс істеуде. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан ҰҚК Госпиталінің мамандары жұмылдырылған.
Арнайы бортпен Е.Васильковтың ата-аналары Петропавл қаласынан Алматыға жеткізілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаза болғандар мен жапа шеккендердің отбасылары мен туғандарына қажетті материалдық, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін де барлық көмек түрлерін көрсетуде»,-деп хабарлады комитет.
Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда 17.22-де Ан-26 ұшағының апатқа ұшырады. Төтенше жағдайға байланысты Алматы әуежайы жабық.
ҰҚК әскери ұшағында қаза болғандардың отбасына мемлекет басшысы көңіл айтты.
Кейін Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған Ан-26 ұшақ бортында болған әскерилердің есімі аталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы әуежайы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың тәжірибелі маман болғанын жазды.