08-01-20 |
2060 рет қаралған
Қарағандыда 11 көшенің атын ауыстыру бойынша көпшілік тыңдауы өтеді.
Қарағандыда 11 көшенің атын ауыстыру бойынша көпшілік тыңдауы өтеді

13 қаңтарда Қарағандыда идеологиялық тұрғыда ескірген көшелердің атауын өзгерту мақсатында көпшілік тыңдауы өтеді. Бұл туралы Ortalyq Qazaqstan басылымы хабарлайды.

Құрметті қарағандылықтар! «Қарағанды қаласының идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерін қайта атау бойынша материалдарды Қарағанды қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 01/01 қаулысына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларымен келесі Қарағанды қаласы көшелерінің атауларын өзгерту мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізілетінін хабарлаймыз:

1) Аманжолов;

2) Волочаевская;

3) Защитная;

4) Зональная;

5) Кривогуза;

6) Кувская;

7) Ленин;

8) Нуржанов;

9) Олимпийская;

10) Приканальная;

11) Черкасская.

Осыған орай Сіздерді Қоғамдық келісім ғимаратында (Шахтеров д., 64) 2020 жылдың 13-ші қаңтарында сағат 17:00-де өтетін көпшілік тыңдауларға қатысуға шақырамыз. Назар аударыңыз! Қатысушыларды тіркеу сағат 16:00-де басталады.

Қарағанды қалалық мәслихатының заңдылық және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.