arasha.kz

Арыстағы жарылыс: Астана күні тойланбасын!

24 маусымда еліміздің оңтүстік өңіріндегі Арыс қаласында болған жойқын жарылыстардан кейін, алда келе жатқан Астана күнін атап өтуге қарсы екендіктерін білдіріп жатқандар бар.

-«Өз тарапымыздан, кімге және қалай көмек көрсету керек екенін анық түсінікті болған соң бірден қосылып, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетеміз.

Менің ойымша, осы жылы Астана күнін атап өтудің қажеті жоқ. Барлық қаражатты Арыс қаласының тұрғындарын көшіруге және көмекке аударған жөн. Көмекті барлығы көрсету керек. Елде мұндай бардак болып жатқанда, той тойдаудың орынсыз екенін түсүнуіміз керек», -деп белгілі бизнесмен Марғұлан Сейсембай да әлеуметтік желіге пікір білдіріпті.

Еске салсақ, Арыстағы алапат жарылыстан соң тұрғындар қаланы, үй жайларын тастап қашты. Елдің кей біреулері көлікпен, кей біреулері жаяу Шымкент қаласына қарай бет алғанын әлеуметтік желілерге жарияланған бейне-фото түсірілімдерден көруге болады. Қала тұрғындары толығымен шұғыл эвакуациялана бастады. Отбасылардың көбі бір-бірінен ажырап қалып, аналар балаларын шарқ ұра іздестірді. Әлі күнге дейін туғандарын іздестіріп жатқандар бар. Оларға еріктілер де қол ұшын тигізуге тырысып жатыр. Сондай-ақ еріктілер эвакуацияланған адамдарды ас-сумен қамтамасыз етуде.

Арыстан қашқан тұрғындарға қарапайым адамдар аянбай көмектесіп жатыр

Сондай-ақ, фейсбукта “Арыс ақпарат” тобы ашылып, онда Арыс тұрғындарының қажеттілігіне қаражат жиналуда әрі жарылыстан соң ата-анасынан адасып қалған балалар туралы ақпараттар беріліп жатыр.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласында болған жарылыстан екі адам қаза болғанын хабарлады.

“Арыста екі адам қаза тапты: Оның бірі қала тұрғыны, екіншісі әскери адам”

Арыстағы жарылыстар бірнеше күнге созылуы мүмкін – Өмірзақ Шөкеев (видео)

Exit mobile version