02-09-19 |
280 рет қаралған
Қазақстандықтар зейнетке шықпай да зейнетақы қорынан ақша ала алады.
Қазақстандықтар зейнетке шықпай да зейнетақы қорынан ақша ала алады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың зейнетақы қорының бір бөлігін өздеріне мақсатты жұмсауға беруге қатысты сұрақты үкіметке тапсырды.

«Қазір жұмыс істейтін адамға зейнетақы қорын тек қана зейнетке шыққаннан кейін ғана пайдалануға болады. Бірақ азаматтардың бұл қаражатты зейнетке шыққанға дейін алғысы келетіні белгілі. Сондықтан үкіметке жыл соңына дейін азаматтардың жинақ қорындағы ақшаларын мақсатты жұмсауы мәселесін, мысалы үй алу немесе білім алу мәселесін қарастыруға тапсырамын»,-діді Тоқаев халыққа жолдауында.

Президент  зейнетақы жинақтау қорындағы мәселелерді де атап өтті.

«»Қазіргі уақытта зейнетақы қорындағы жетіспеушілік аса білініп отырған жоқ, бірақ он жылдан кейін жағдай басқаша болуы мүмкін. Зейнетақы қорына үлес қосып отырған жұмыс істейтіп азаматтардың саны зейнеткерлерден әлде қайда аз болуы ықтимал,» – деді Қ. Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев жұмыс беруші таратыпан зейнетақы қорына бөлінеді деген 5% төлемді 2023 жылға дейін кейінге қалтырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.