Қыркүйектегі ахуал бойынша, қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Грузия ғана Қазақстанға қарыз. Грузия 2025 жылға дейін Қазақстанға қарызын қайтаруы тиіс.
Грузияның Қазақстанға негізгі қарызы — 25 миллион 480 мың 089,96 АҚШ доллары, деп хабарлады қаржы министрлігі Sputnik Қазақстанға.
Былтыр борыштың құрылымы қайта қаралған болатын. Себебі елдегі экономикалық ахуалдың ушығуына байланысты Грузия қарызын өтеуді тоқтатқан.
«Негізгі борышы бұрынғы көлемде. Қарызды өтеу мерзімі мен шарттары қайта қаралды. Төленуі тиіс жалпы сома – 37 997 815,46 АҚШ доллары», — деп мәлімет берді қаржы министрлігі.
Мемлекеттік борышты өтеу мерзімі – 2017 жылдан бастап 2025 жылға дейін. Қазір төлемдер белгіленген уақытта толық көлемде түсіп жатыр, деді ведомство.
Қыркүйектегі ахуал бойынша Қазақстанға өзге мемлекеттер қарыз емес.
Қазақстан 1990 жылдардың ортасында Грузияға 27,5 миллион доллар қарыз берген еді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Грузия борышын 2017 жылдың қыркүйегінен бері өтей бастады.
Дереккөз: sputniknews.kz
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024