Жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу бойынша елдегі ең ірі сайт болып есептелетін «Крыша.кз» енді заң талаптарына жауап бермейтін құрылыс компанияларының хабарландыруын жарияламайтын болды. Осы іспеттес басқа сайттар да заңсыз жарнамаларды жойып отыруы керектігіне назар аударылып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы ресми сайтында жазды.
Бұл Алматы қаласы әкімдігі мен қала прократурасының бастамасы екен.
«Азаматтардың құқықтарының бұзылуының алдын алу үшін үлескерлік құрылыс саласында ендігі «Крыша.кз» сайты «Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік» бойынша заң талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс компанияларының жарнамаларын жарияламайтын болады».
«Сондай-ақ, аталған заңның 23 бабында көрсетілгендей заң құрылыс жүргізуші және (немесе) оның құзырлы компаниясының салынбаған нысанын жарнамалауға шектеу қояды. Олар жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алғаннан кейін немесе тұрғын үй құрылыс кепілдігі Қорымен келісімшартқа отырғаннан соң ғана жарнама хабарландыруын бере алады. Олай болмаған жағдайда, жарнама мәтінінде оны алғаннан кейін ғана келісімшарт жасалатындығы жазылуы керек.
Алматы қаласы әкімдігі мен қала прократурасы үлескерлерді көбірек ақпараттандыру мақсатында іс-шаралар жасап жатқандығын хабарлайды. Үлескерлердің қаражатын тарту арқылы салынатын нысандар туралы ақпаратты Алматы қаласы Архитектура және қала құрылысы басқармасының almaty.uaig.kz ресми сайтынан алуға болады дейді Алматы қаласы прокуратурасы.
arasha.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024