24-12-20 |
480 рет қаралған
Ұйғыр ауданында Абайға көше аты берілетін болды.
Ұйғыр ауданында Абайға көше аты берілетін болды

Иә, жазылған жайдың жаңғырығы бұл. Жуырда ғана сайтымызда жарияланған «ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА АБАЙҒА КӨШЕ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?» атты мақалаға байланысты Алматы облысы әкімдігі ресми жауап берді.

Дәлірек айтқанда, облыс әкімінің идеология бойынша орынбасары Рустам АЛИ жауап хатында Ұйғыр ауданы орталығы − Шонжыда Абай Құнанбайұлына көше аты қашан берілетіні туралы айтқан  (суретте).

Яғни, ресми жауапта айтылғандай, биыл 175 жылдығы тойланып жатқан Абайға көше атауын беру «тиісті аумақ халқының пікірін ескеру» қағидаты бойынша шешілмек.

Бір анығы − осыған дейінгі бастамашыл топқа Алматы облысы тіл басқармасы айтып келген «мораторий» деген үп-үлкен уәж Амандық БАТАЛОВТЫҢ орынбасары берген жауапта мүлде айтылмаған.

Тиісінше, алдағы Парламент мәжілісі депутаттарының сайлауынан соң аудан халқы тарапынан көтерілген мәселе күн тәртібіне қойылмақ.

Бұлай болғанда, «тиісті аумақ халқының пікірін ескеру» дейтін шарттың да бұған дейін БАҚ-та көтеріле-көтеріле «пісіп» қойғаны анық.

Демек, Ұйғыр ауданында адамзаттың алыбы атанған Абайға көше атауы берілетін күн де алыс емес деген сөз.

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу бойынша облыста 34 шара бекітіліп, облыс аудандары нда барлығы 1116 шара өткізілген.

Қозыбай ҚҰРМАН, arasha.kz

Алматы облысы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.