Біз
әлеуметтік
желіде
28-05-25 |
810 рет қаралған
Астық қоймасында жарылыс: бес адамның бәрі қайтыс болды.
Астық қоймасында жарылыс: бес адамның бәрі қайтыс болды

26 мамыр күні Алматы облысында орналасқан «АзияАгроФуд» АҚ құрама жем зауытының аумағында жарылыс болып, бір адам қаза тауып 4 қызметкер жарақат алған еді. Өкінішке қарай, олардың ешқайсысы аман қалған жоқ.

Жарақат алғандар ауыр жағдайда Қарасай орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Екеуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Кейін тағы екі адам көз жұмды — бірі түнде, екіншісі бүгін таңертең.

Түнде қайтыс болған ер адам 59 жаста болған, ол элеватор шебері қызметін атқарып, зауытта 39 жыл жұмыс істеген.

Зауыт басшылығы марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт екінші элеватор ғимаратының тоғыз қабатты бөлігінің бірінші қабатында дән қалдықтарынан құралған шаң мен ауа қоспасының жарылуынан шыққан. Өрттің жалпы аумағы 1377 шаршы метрді құрады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.